![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
new rave
-
Алтын Ордам- Отан анасыңл
Aашымның ұлы даласы
Ұрпағына еткен аманат
Қазағымның ұлы бабасы
Абылайлап сермеп қылышын
Қанын төккен қыз бен ұл үшін
Таңбасы бар тасқа жазылған
Ұмытылмас бабам ұлы ісің!
Ерттеп мінген асыл пырағын
Атойлаған салып ұранын
Ғасыр асып келді бүгінге
Қазақ деген қайсар қыраным!
Бахадүр бабамыз- қыран
Тербетіп даламызды бар
Оян да оян деп қазақ
Саламыз саламыз ұран
Бабамнан анамнан қалған
Жеріңді қорғап өт жаудан
Тәуелсіз күніңнің құны
Қан мен жас жанардан жауған!
Ей қазақ салтыңды сақта
Қаратпа халқыңды жатқа
Қолыңды көтеріп көкке
Жалбарын жалбарын Хаққа
Ертеңің болсын деп жарқын
Таңдарың болсын деп алтын
Тәңірден тілейміз мәңгі
Қолдай бер алаштың халқын!
Санаға берілмей құлдық
Салтыңды дәріпте жыр қып
Ертеңің болады жарқын
Халқыңнан кетпесе бірлік!
Тұғырлы тіліңді сақта
Ақиқат дініңді сатпа
Қара жер анаңды қорға
Абылай отырған таққа!
:F